Маңғыстау облысында аққу қырылып жатыр. Қазірдің өзінде теңіз жағасынан жиырма шақты киелі құстың өлексесі табылған. Мамандар аймақта шамамен 25 мың құс қыстайтынын және жиырма шақты аққудың өлімі қалыпты жағдай екенін айтты. Өйткені аққулар әр жерден табылған. Тіпті бір екеуін ит талап тастаған көрінеді. Өлі құстар табылған үш жерден сынамалар алынды. Экология басқармасы мен ветеринария мамандары жағалаудан алынған теңіз суынан ластаушы заттар таппады.