Жаңа Ата Заң жобасындағы өзгерістер қоғам өміріне тікелей әсер ететін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр. Ең алдымен, құжатта адамның құқығы мен еркіндігі мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындалған. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтары енді нақты тетіктермен қорғалатынын білдіреді. Сондай-ақ, Конституцияда заң үстемдігі, әділдік және тәртіп қағидаларына ерекше мән берілген. Заңгерлердің пікірінше, мұндай нормалар құқық қолдану тәжірибесін жетілдіріп, билік пен қоғам арасындағы жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді . Нәтижесінде елде әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға берік негіз қаланады дейді олар.