Түркістан
EN

Түркістанда сәулеттік жобалар бойынша мәжіліс өтті

37
17.02.2026

Түркістан облысындағы бірнеше аудан мен қалалардың көшелері реттеліп, нысандардың сәулеті жақсарады. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 9 жоба қаралды.  Оның ішінде  Ленгір қаласының сәулетін жақсартуға ұсынылған жобалар мен Біркөлік шатқалының туристік әлеуетін көтеру, сондай-ақ Келес ауданындағы көшелер мен ғимараттарды абаттандыруға қатысты ұсыныстар бар.  Облыс әкімі мен сәулеттік кеңес мүшелері аз қаржыны талап ететін жобаларға басымдық беру керектігін айтты. Сонымен қатар, өңір басшысы жауапты тұлғаларға жоспардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді және сәулеттік талаптардың сақталуын қатаң бақылауды міндеттеді.