Демалыс күні Жетісу облысындағы ауылдардың бірінде жарылыс болды. Оқиға Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы «Малика» азық-түлік дүкенінде болған. Дүмпу салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатыры ішінара құлады. Үш адам зардап шекті, олар тексеруден кейін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.