Құтқарушылар қар құрсауынан 17 адамды эвакуациялады

20
2026-02-16

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 17 адам эвакуацияланды. Ауа райының нашарлауынан Алакөл ауданы маңында үш көлік қар құрсауында қалған. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, 14 жолаушыны эвакуациялады. Екінші жағдай Балқаш көлінің жағасында болған. Жеңіл автокөлікте болған үш адам қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі көлік жүргізушілеріне алыс сапарға шыққан кезде  ауа райы жағдайын бағамдап, сақтық шараларын сақтауды ескертеді.