Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады

14
2026-02-16

Биыл елімізде 47 мыңға жуық оқушының білім алуы үшін  90 жаңа мектеп ашылады. Жобалар апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған. Құрылыстар арнайы мемлекеттік қор, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвестициялық қаржылардың есебінен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет жасақталады. 2029 жылға дейін 1300 мектепті, оның ішінде ауылдағы 900 білім ошағын реновациялау жоспарланған. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мың оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталып, соңғы үш жылда 584 мектеп пайдалануға берілді.