Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылының тұрғындарын жолдың жайы, газдың мәселесі әбден қажытқан. Төңіректегілер түгел көгілдір отынның рақатын көріп отырғанда, олар әлі от жағып, күл шығарып жүр. Газдың құбырына, құжатына деп әкім әлдеқашан ақша жинап алған. Ал енді түрлі сылтау айтып, жұртты жанына жолатпайтын көрінеді. Тұрғындардың ашынатыны сол өткен жылы әкімдіктегілер халықтан сүйінші сұрап, көмір алмаңыздар деп айтқан. Тіпті, құбыр кіргізуге құжат дайындау үшін ақшасына дейін жинап алған. Алайда, содан бері екі үш жыл өтті әлі қозғалатын түрі жоқ. Амалы таусылған тұрғындар отын алып, қи жағып қыстан әзер шыққан. Сондай-ақ, Қызылжарда 25 көше асфальтсыз. Тұрғындар лай кешіп жүргендерінде айтады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтсе биыл 13 көшенің 11 шақырымы жөндеуден өтеді дейді жауаптылар. Жұмыстар 1-2 айда басталады.