Созақ жастары жаңа Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді. Олардың пікірінше, жаңартылған заң жобасында адам құқықтарын қорғау мен әділетті қоғам құру қағидаттары нақты әрі айқын көрініс тапқан. Әсіресе, азаматтардың теңдігі мен жауапкершілігін күшейтетін жаңа тараулар жастар тарапынан ерекше қолдауға ие болды. Олар бұл өзгерістер елдің құқықтық негізін нығайтып, қоғам дамуына серпін береді деп сенеді.