Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесіп, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды қолдау және бизнеске қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін талқылады. Қазір облыста 215 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар кеңейтіліп, өндірістік парктер құрылуда. Өңірде 445 млрд теңгеден астам қаржыға 126 жоба жүзеге асырылып жатыр. Тараптар жер, инфрақұрылым, қаржыландыру және рұқсат алу рәсімдеріндегі кедергілерді бірлесіп шешуге уағдаласты.