Түркістан
EN

ҰБТ-2026: 198 талапкер тестілеуден шеттетілді

91
13.02.2026

 Жыл басталғалы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқан 200-ге жуық талапкер тестілеуден шеттетілді. Тағы 120 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың  сынақ нәтижелері толықтай жойылған. Жалпы жыл басынан бері тестілеу кезінде 320 ереже бұзушылық анықталыпты. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, қаңтар айында өткен ҰБТ-ға 184 мыңға жуық оқушы қатысып, талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинаған. Ал, ең жоғары нәтиже — 138 балл.