Кеден бекеттерінің өткізу қабілеті артып, инфрақұрылымы жақсаруда

9
2026-02-13

Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар кеден бекеттерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде өңірде 8 кеден бекеті мен 2 бақылау-өткізу пункті тоқтаусыз қызмет көрсетіп тұр. Олардың қатарында халықаралық тасымалдың күретамыры саналатын — «Қазығұрт», «Қапланбек», «Атамекен», «Қонысбаев», «Сарыағаш стансасы» және «Жібек жолы» бекеттері бар. Бұл нысандардың өткізу қабілетін арттыру — басты назарда. Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға инфрақұрылымды қысқа мерзімде ретке келтіруді және сервис сапасын халықаралық стандартқа сай етуді тапсырды.