Түркістан облысында 130 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

14
2026-02-12

Былтыр Түркістан облысында 130 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл республика бойынша жалпы көрсеткіштің 14 пайызына тең. Өңірде жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуы тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік беріп келеді. Ал, жұмыспен қамтылғандардың қатарында сегіз мыңнан астам жас маман бар. Олар оқуын аяқтағаннан кейін «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы еңбек жолын бастаған. Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігінің таңдауы Түркістан қаласына түскен.