Түркістан облысында жыл сайын жол-көлік оқиғалары салдарынан шамамен 200-ден астам адам қаза тауып, 1 мыңнан аса азамат түрлі жарақат алады. Жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында полиция департаменті кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Жуырда облыстық және елді мекендердің жолдарындағы қауіпті аймақтарға қосымша 100 «Мерген» кешені орнатылды. Сондай-ақ, биыл 8 мың бейнебақылау камерасы мен 750 аппараттық-бағдарламалық кешен орнату жоспарланып отыр.