Елімізде жаңа Конституцияның жобасы жария етілді

11
2026-02-12

«Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Барлығы 96 баптан тұратын бұл құжатта ел Парламентінің өкілеттігі қашан тоқтайтыны жазылған. Дәлірек айтқанда, Ата заңның бүгін ұсынылған жобасына сай, республикалық референдумда қолдау тапса, Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.