Мұсылмандар жерленген бейіттің маңы малдың өлексесіне толып кеткен. Алматы облысындағы Төңкеріс ауылында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадр сыртындағы ер адамның айтуынша, бұл зират маңы көрінеді. Аталған оқиғаға қатысты, Панфилов ауылдық округінің әкімі ресми жауап берді. Ауыл әкімінің айтуынша, қалдықтарды Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының жергілікті компаниясы шығарған. Қазіргі таңда әкімдік пен аудандық полиция бөлімі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тіпті оқиға орнында түсірілген материалдар экология департаментіне жолданған. Ал рұқсатсыз қоқыс шығарған компанияға 300 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.