Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты. Айта кетсем, 5 күнге созылған тартысты додада жауынгерлеріміз жылдамдық, дәлдік, тактикалық тұрғыда қарсыластарынан оқ бойы озып, бір қадам ілгері жүрді. Нәтижесінде “Қазақстан - С” құрамасы жалпы есепте 536 ұпай иеленіп, топ жарды. Екінші орынға 515 ұпаймен “Қазақстан - А”командасы жайғасты. Ал басты қарсыласымыз Қытай 493 ұпаймен үздік үштіктен көрінді.