Түркістан облысында қалың қар, боран және жолдардағы көктайғақ салдарынан өңірде жол қауіпсіздігін бақылау ісі күщнйтілді. Осыған байланысты патрульдік полиция экипаждары республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда кезекшілікті жасап, жол қозғалысын реттеуде. Сондай-ақ, күрделі учаскелерде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жедел көмек көрсетіп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Мұндай шара жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылданып отыр.