Павлодарда бір топ адам туды өртеп, елтаңбаны бөлшектеген. Әлеуметтік желіде кең тараған видео қоғам арасында қызу талқыға түсті. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше “видеодағы әрекет жарамсыз деп танылған мемлекеттік рәміздерді жоспарлы түрде жою шарасы болған. Дегенімен, видео әлеуметтік желілер үшін емес, ішкі есеп үшін түсірілген. Алайда бақылаудың әлсіздігінен интернетке тарап кеткен көрінеді. Осы жағдайға байланысты мектеп директоры қатаң сөгіс алды.