Шардарадағы 30 мың халықтың өмірін жақсартатын құрылыс аяқталуға жақын

7
2026-02-11

 Түркістан облысында Шардара топтық су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Жоба іске қосылғанда Шардара қаласының 30 мың тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылады. Жалпы ұзындығы 39 шақырымнан асатын желінің бүгінде шамамен 70 пайызы тартылған. Сонымен қатар нысанның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қуатты трансформатор орнату жоспарланған. Құрылысты жыл соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе тәулігіне 12 мың текше метрге дейін су жеткізіп, аймақ тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде су инфрақұрылымы жаңарып, жүздеген елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды.