Нипах вирусына байланысты шекарадағы санитариялық бақылауды күшейтті

10
2026-02-10

Нипах вирусының елімізде таралуына жол бермеу үшін шекара шебінде санитариялық бақылау күшейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты әуежайлар мен медицина ұйымдары дайындықтарын күшейтті.  Әсіресе  қауіпті инфекция кең таралған елдерден, оның ішінде Үндістаннан келетін жолаушылар айырықша бақылаудан өтеді.  Мұндай мемлекеттердің тізімі тұрақты түрде жаңартылып, санитариялық қызметтердің жұмысы соған сәйкес реттеле бермек. Айта кетейік, министрлік  елде дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының және дезинфекциялау препараттарының жеткілікті қоры бар екенін жеткізді.