Түлкібас ауданында әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағы құрылады

9
2026-02-10

Түлкібас ауданында әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағы құрылады. Мега жоба бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен келіссөз жүргізді. Бастама аясында еліміздегі алғашқы цифрлық-мәдени туризм платформасы іске қосылады. Жоспарға сәйкес мұнда қонақ үйлер, гастрономиялық нысандар, шаңғымен және шөп үстінде  сырғанайтын орындар, жұлдызды шатырлар, ұлттық ат ойындары кешендері болады. Ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын әзірлейтін шеберханалар және шағын өндіріс орындары ашылады.