Энергетика министрлігі 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту жоспарын таныстырды

8
2026-02-10

Астанада Энергетика министрлігі 2030 жылға дейін көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жоспар жобасын таныстырды. Құны 8 трлн теңгеден асатын бастама елдегі энергия тапшылығын азайтып, ескірген электр стансаларын жаңғыртуға бағытталған. Құжатта Екібастұз бен Курчатов, Көкшетау, Семей, Өскемен және Жезқазған қалаларында жаңа энергетикалық нысандар салу, сондай-ақ қолданыстағы бірқатар стансаларды жаңарту көзделген. Жобаларды іске асыру үшін инвесторлар ашық тендер арқылы анықталмақ, ал модернизация жұмыстары инвестициялық келісімдер негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар көмір өндірісін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту, экологиялық талаптарға сай заманауи технологияларды енгізу, сала мамандарын әлеуметтік қолдау мен тұрғын үй бағдарламалары да іске қосылмақ.