Түркістан
EN

Су саласындағы халықаралық бастамалар талқыланды

39
10.02.2026

 Жыл өткен сайын климаттың өзгеруі судың тапшылығы мен оны тиімді басқару мәселесін одан әрі өзекті етіп отыр. Еліміз осы бағытта халықаралық серіктестікті арттыруға басымдық беруде. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Біріккен ұлттар ұйымының  Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Тараптар Мемлекет басшысының Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су проблемаларын зерттеу орталығын құру және Орталық Азияның су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенциясын әзірлеу туралы бастамаларын талқылады. Сонымен қатар, 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін алдағы өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы сөз болды.  Кездесу қорытындысында министр Саранго Раднарагчаны  Қазақстан Республикасының су секторын дамыту жөніндегі әріптестердің үйлестіру кеңесінің алдағы отырысына қатысуға шақырды.