Түркістан облысында еріктілер саны 24 мыңнан асқан

12
2026-02-09

Елімізде волотерлық қызмет енді Конституциямен бекітеледі. Мұқтаж жандарға еріктілердің көмегі аса қажет екені және олардың қоршаған ортаны қорғауға қосып жатқан үлестері ескеріліп,   бұл ұсыныс бүгін реформалар жөніндегі  комиссиясының тарапынан қолдау тапты. Жалпы, Түркістан облысында  бүгінде еріктілер саны 24 мыңнан асқан. Олар тек төтенше жағдайларда ғана емес, күнделікті тұрмыста да игі істермен шұғылданады. Атап айтқанда, мәдени-тарихи мұраны сақтау, әлеуметтік қолдау, экология сынды маңызды бағыттарда қызмет көрсетеді.