Заңсыз микрокредит беру ісіне қатысты тергеу аяқталды

12
2026-02-09

Қазақстанда комиссиялық дүкеннің атын жамылып  жұмыс істеген заңсыз несие беру желісі «Актив Ломбард»-қа қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында жалпы құны 8,9 миллиард теңгенің активтеріне шектеу қойылып, желі иесі Койнов қамауға алынды. Күдікті серіктес компаниялар арқылы микрокредитті жасырын беріп, пайыздық мөлшерлемені заңдағы 0,3 пайыздың орнына тәулігіне 2,07 пайызға дейін көтерген. Нәтижесінде 2 миллионға жуық келісім жасалып, заңсыз табыс көлемі 19 миллиард теңгеден асқан. Қаражатты заңдастыру үшін жалған келісімшарттар жасалып 5 миллиард теңгеден астам ақша шығарылған. Бұған қоса, «Zeus Co» компаниясы арқылы бағдарламалық қызмет көрсету деген желеумен 2,5 миллиард теңге аударылып, оның 2,2 миллиарды дивиденд ретінде күдіктінің қалтасына түскен.