Жетісу облысында 73 адам қар құрсауынан құтқарылды

11
2026-02-09

Төтенше жағдайлар қызметі Жетісу облысында 73 адамды қар құрсауынан құтқарды. Олардың 10-ы бала. Кербұлақ ауданында республикалық маңызы бар автожолдың бойында  қардан өте алмай тұрып қалған 19 жеңіл және 2 жүк көлігі қауіпсіз жерге апарылды. Түнде құтқарылған азаматтар жақын маңдағы Сарыөзек ауылына жеткізілді. Сонымен қатар, Алакөл ауданында «Ұшарал-Достық» автожолында қар құрсауында қалып кеткен  жеңіл көліктен тағы 2 адам құтқарылып, оларға тиісті көмек көрсетілді. Абырой болғанда үсікке ұрынғандар жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі қолайсыз ауа райында ұзақ жолға шықпау керектігін ескертеді.