Ақтауда 11 айлық баланың өкпесінен пістенің қабығы табылды. Дәрігерлердің айтуынша, бала бронхиалды астма диагнозымен төрт ай бойы бақылауда болған. Алайда сәбидің денсаулығы сыр беріп, қатты ентігуден соң, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Жедел шара нәтижесінде сәбиге рентген жасалып, өкпеге күнбағыс дәнінің қабығы жабысып қалғаны анықталды. Ағзадан бөгде зат алынғаннан кейін баланың жөтелі толықтай тоқтаған.