Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы оншақты жылдан бері кенезесі кеуіп қалған каналдың арнасы қайта жібіді. Қазір Талас өзенінен келген су Аса арқылы «Бөрібай-1» каналына бағытталуда. Тазалау жұмыстарына Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» мекемесінің Жамбыл филиалына бөлген жаңа арнайы техникалар жұмылдырылды. Ертеректе Жаңаталап, Байқадам, Игілік және Ұйым ауылдарының тұрғындары осы арнадан су алып, мал суарып, егістікке пайдаланған. Алайда су тоқтағалы канал бітеліп, жарамсыз күйге түскен еді.