Еліміздегі жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы бір шаршы метр үшін 241 мың теңгеден басталып, 752 мың теңгеге бір ақ барады. Баспана бағасының осылай күрт өсуіне зейнетақы қорындағы жинақты қолдану мүмкіндігі әсер етті. Осылай деген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй бағасына қатысты пікір білдірді. Десе де министр осы айдан бастап тұрғын үй бағасы қалпына келеді дейді. Себебі 1 сәуірден кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану күрт азаймақ. Еліміз бойынша жыл сайын 330 мың пәтер пайдалануға беріледі. Ал халық саны күрт өскен Түркістан қаласында бүгінде 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлығы – 5313 пәтер, оның ішінде 4039 пәтер кредиттік жүйемен тапсырылса, 1274 пәтер кезектегі азаматтарға беріледі. Биыл 53 үйдің құрылысы аяқталып, тапсыру жоспарланған екен.