Қоқысқа толы пәтерден өрт шықты

10
2026-02-06

 Өскеменде қоқысқа толы пәтерден өрт шықты. Үй иесі баспанасына керексіз қалдықтарды жинап келген. Әуезов даңғылы бойындағы бесқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде от тұтанып, қою түтін подъезді түгел жайлаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы саты арқылы пәтерге кіріп, іште үйіліп жатқан қоқыстың жанып жатқанын анықтады. Қауіптің алдын алу үшін бөлмеден газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт шамамен 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.