Ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген адамдар сотталды

12
2026-02-06

Алматыда мемлекет меншігіне тәркіленуі тиіс мүлікті заңсыз иемдену мақсатында дерекқорға жалған мәлімет енгізген топқа сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Олар «Никольский» базары аумағындағы, құны 2 млрд теңге болатын жер мен мүлікке қойылған тыйымды заңсыз алып тастап, оны өзге адамдардың атына қайта рәсімдеген. Сөйтіп оны сатуға әрекеттенген.  Айта кетейік, бұл Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты үлкен істің бір бөлігі. Бұған дейін бұл топ бірнеше компаниялар мен дүние-мүліктерді рейдерлік жолмен басып алған. Келтірілген жалпы шығын 18 млрд теңгеден асады.