Қазақстанның бірқатар өңірінде 20 адам ұсталды

10
2026-02-06

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмысқа қарсы ауқымды арнайы операция жүргізді. Оның барысында қару-жарақты заңсыз сақтау және өткізу, ұрланған автокөліктерді заңдастырумен айналысқан топтардың әрекеті тоқтатылды. Арнайы іс-шаралар Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ бірнеше облыста бір мезгілде өткізілді. Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту кезінде атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.