Ақпан айының бірінші бейсенбісі дүниежүзілік сайлау күні. Атаулы күн биыл 21 рет атап өтілді. 2005 жылы Еуропалық сайлау органдары қауымдастығы ұсынған айрықша күннің басты мақсаты – азаматтарға, әсіресе жастарға сайлаудың маңызын түсіндіру. Соның аясында бүгін жастармен кездесу өтті. Аталған шара негізінде Түркістан облысында мыңнан аса шара өткізіліп, оған 45 мыңнан алам қатысқан. Оның 70-75 пайызы жастар.