Түркістан
EN

Елде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

154
06.04.2022

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі. Бұл жайында ұлттық экономика минисрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Тарқатып айтсақ, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері 9 процентке артады. Ол үшін бюджет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтуі тиіс. Президент қол қойғаннан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады. Жалпы инфляция көлемінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 110 миллиард теңге бөлінеді.