Жасанды интеллект жүйесі бар цифрлық медициналық орталық ашылады

10
2026-02-04

Түркістан облысында жасанды интеллект жүйесі бар цифрлық медициналық орталық ашылады. Жаңа нысанды жеке мердігер компания өз қаражаты есебінен ашуды жоспарлап отыр.  Қазір аталған жүйені жүзеге асыру мақсатында мердігерлермен келісімшарт құжаттары рәсімделуде. Аталған ғимаратта бірыңғай байланыс орталығы, жасанды интеллекті бар дауыстық роботтар, жасанды интеллекті бар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары мен ситуациялық орталықтар орналасады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылып,  өңір басшысы саладағы жұмыстарды одан әрі жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.