Сарыағаш ауданында Ұлттық спорттық-оқыту және сауықтыру хабы салынады. Жаңа нысан халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындайтын орталыққа айналмақ. Осы жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, болашақ спорт қалашығының құрылыс жұмыстарын талқылады. Жоба аясында футболшыларға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи жаттығу базасы құрылады. Оның жалпы аумағы 100 гектар. Инвестордың айтуынша, инфрақұрылымды жобалау мен басқару барысында жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарланған. Жаңа нысан өңірдің туристік әлеуетін, спорт, туризм саласын дамытуға серпін бермек.