Түркістан облысында жолаушылар пойызы теміржолшыны қағып кетті

14
2026-02-04

Түркістан облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты. Қайғылы жағдай Қостүйін станциясында тіркелді. Марқұм болған азамат теміржол желісінде қызмет атқарған. Ол ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пойыз шамамен 78 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Қауіп туындаған сәтте машинист шұғыл тежегішті іске қосқанымен, рельс бойлап бара жатқан теміржолшы жолдан шығып үлгермеген. Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.