Жаңа Конституцияның Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды. Бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі деп белгіленді. Құжаттың басты ерекшелігі – адамға бағытталуы. Яғни, адам құқықтары тек Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның өзегі ретінде көрініс тапқан. Жаңа Ата Заң еліміздің мемлекеттік жүйесін, халықаралық беделін сақтай отырып, білім, ғылым, инновация және адами капиталды дамытуға басымдық береді. Құжаттың алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап қамтылған.