Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Үкімет қаулысына сәйкес, Запастағы офицерлерді 700-і қарулы күштерге, 80-і шекара қызметіне, 64-і ұлттық ұланға және 15 офицер төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі. Қазіргі белгіленген талап бойынша 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер әскер қатарына қайта шақыртылуға жатады. Ал медициналық мамандықтар бойынша бұл шек 32 жасқа дейін белгіленген. Қызмет атқару кезінде оларға ақшалай төлем, тұрғын үй, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.