Түркістан
EN

Алатау қаласын дамытуға 1,8 трлн теңге инвестиция салынады

26
04.02.2026

Алатау қаласын дамытуға шамамен 1,8 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Инвестициялық портфельге өнеркәсіп, логистика, агроөнеркәсіп, қызмет көрсету және креативті индустриядағы ондаған жоба кіреді. Нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтты. Қазір Парламентте «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» заң жобасы қаралуда, ол инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыруға бағытталған. Басым жобалар қатарында Iconic Complex кешені мен KAIST Kazakhstan технологиялық университетінің құрылысы бар. Қала өнеркәсіптік, логистикалық, ғылыми-медициналық және туристік бағыттар бойынша дамиды, ал инвестициялар қауіпсіздігі жеке лицензиялар арқылы қамтамасыз етілмек.