Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының көшелерінің бірінде түсірілген бейнежазба тарады. Видеода жалғыз өзі кетіп бара жатқан қызға жасөспірім жігіттің жақындап, оны көтеріп әкетуге әрекет жасағаны байқалады. Алайда оқиғаның нақты қалай өрбігені және немен аяқталғаны әзірге белгісіз. Аталған жайтқа қатысты полицияға ресми арыз түскен. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастап, қазіргі таңда «кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасауға оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.