Түркістан
EN

Желі жұлдызы Мұрат Әбділда 4 жыл 5 айға сотталды

2573
05.04.2022

Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөздерді қарша жаудырып танымал болған Мұрат Әбділдә сотталды. Ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Инстаграм әлеуметтік желісінде үздіксіз видеолар жариялап отыратын блогерді оқырмандары 5 күннен бері жоғалтып алған. Олар блогердің не үшін қамалғанын білмей дал. Оның үстінен тікелей эфирде бүтін бір рудың атына балағат сөздер айтқаны үшін іс қозғалған. Сәйкесінше 2022 жылдың 31 наурызында Қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 бөлігімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал Мұраттың оқырмандарының басым бөлігі оның бостандыққа шығуын сұрайды. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Оған дейін ол уақытша ұстау изолояторында отырады