Талдықорған қаласының тұрғыны әйелін және үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан

9
2026-02-03

Талдықорған қаласының тұрғыны әйелін және үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан әйел мен бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде тараған видеода денесі көгерген, сырылған және жылап отырған ана мен баланы көруге болады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оқиға кезінде күйеуі мас күйде болған. Отағасының осындай әрекетіне көндіккен келіншек осы кезге дейін күеуінің түзелетініне сеніп, осы уақытқа дейін ажыраспағанын айтқан. Қазір күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы  бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.