Түркістанда 10 күнге созылған шахмат бәсекесі мәресіне жетті. Еліміздің 20 аймағынан келген зияткерлер түрлі жастағы ел чемпиондарын анықтады. Дәл осы турнир нәтижесі бойынша әлемдік жарыстарға баратын Қазақстан құрамасы жасақталады. Олардың арасында Түркістан облысының өрендері бар ма? Тілшіміз толықтырады.