Қарағанды гарнизонындағы 44803 әскери бөлімінің сарбаздары жауынгерлік дайындық арасындағы үзілістерде әскери тарихқа арналған диорамалар жасап жүр. Жоба майор Рамазан Бақтияровтың бастамасымен қолға алынған. 2021 жылдан бері Курск, Орбұлақ, Бородино шайқастары мен Мәскеу, Сталинград түбіндегі ұрыстарды бейнелейтін бірнеше композиция дайындалды. Жоба авторының айтуынша, диорамалар мектептер мен колледждерде көрсетіліп, жас сарбаздардың бойында патриотизм мен тарихқа құрметті қалыптастыруға ықпал етуде. Сондай-ақ алдағы уақытта ежелгі дәуір шайқастарына арналған жаңа диорамалар әзірлеу жоспарланған.