Түркістан облысының Сайрам ауданында волейболдан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа өңірдің әр аймағынан 14 команда жинылған. 180-ге жуық спортшы бірнеше күн бойы бақ сынап, өзара мықтыларын анықтауда. Турнирдің басты мақсаты – облыс құрамасын жасақтап, ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсету. Қазірдің өзінде 8-ге жуық команда басты жүлдеге үміткер ретінде қарастырылып отыр. Айта кетейік, Түркістан облысының чемпионаты 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.