«Қазсушар» мекемесінің техника паркін жаңаруы қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Өткен жылы кәсіпорынның техникасы 27 пайызға жаңартылып, жалға алу 85 пайызға, ал жөндеу шығындары екі есеге қысқарды. Бүгінде мекеме шаруаларға, өнеркәсіп пен тұрғындарға су жеткізуді толық қамтамасыз етіп отыр. Жауаптылардың айтуынша, қажетті құрал-жабдықтың барлығы сай, техника жеткілікті. Нәтижесінде 375 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, каналдардың 2 мың шақырымға жуық арнасы тазартылды. Қызмет сапасын арттырумен қатар, өндірістік қызметкерлердің жалақысы да 50 пайызға дейін өсті. Биыл жоспарланған жобаларды толық орындау міндеті тұр.