Түркістан
EN

Министр мал дәрігерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

120
05.04.2022

Төрт түліктің көбейту кезінде ветеринар маманының ауадай қажет екендігі жасырын емес. Әсіресе ауылда малмен күндерін көріп отырған халық үшін керек. Бүгін Мәжіліс қабырғасында ауылшарушылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деді. Ол кадр тапшылығын шешу үшін аталған мамандық иелерінің жалақысын көтеру қажет екенін айтты. Елімізде ветеринар мамандар тапшы. Оған себеп мал дәрігерлерінің жалақысы төмен болуы себеп болуда. Сондай-ақ бұл кәсіптіңде өз қиыншылықтары бар көрінеді. Сол себепті бүгін үкімет отырысында  ауыл шаруашылық министрі Қарашөкеев сала мамандарының еңбекақысын екі есеге көтеруді ұсынды. Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, өткен жылы ветеринария саласын тәмәмдаған 1283 түлектің тек 712-сі ғана мамандық бойынша жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ ол тағы бір деректі жайып салды. Айтуынша, ветеринарлық инспекторлардың өз міндеттерін атқаруға деген құлықсыздығы малдардың қауіпті инфекция жұқтыруына себеп болып отыр екен. Қазір мал дәрігерлерінің айлығы өңірлерге байланысты 98000 мен 200 мың теңге арасында. Министрліктің мәліметінше, елде ветеринария саласында 810 жұмыс орыны бос тұр. Яғни білікті кадр тапшылығы байқалады. Ал еңбек етіп жүрген мал дәрігерлерінің орта жасы 40 пен 55 арасында.