«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы барысындағы мәселелер мен жоспарлар пысықталды

5
02.02.2026 17:55

  Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның жалпы ұзындығы 172 шақырым. Жаңадан төселетін рельсті жол Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын байланыстырады. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп,  «Сарыағаш» өткізу пунктінің жүктемесін азайтпақ. Сондай-ақ,  жаңа өндірістердің ашылуына және қосымша жұмыс орындарының құрылуына ықпал етіп, жүк және жолаушылар тасымалының көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске қосу 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.