Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

34
30.01.2026 18:07

Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің  отырысын өткізді. Жиында ел экономикасын жаңғырту, инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру және инвесторлармен ашық диалог орнату мәселелері қаралды. Сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізу барысы талқыланды. Үкімет проактивті инвестициялық саясатты күшейтуге басымдық беріп отыр.